(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.12.02 Ж. № 1300 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) «Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шілдедегi № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат):
қазақ тiліндегі мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы»;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта:
қазақ тiліндегі мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы)»;
«1. Жалпы ережелер» және «2. Үкiмет пен Премьер-Министр актілерінiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртібі» деген бөлiмдер алынып тасталсын;
36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бiр интервалмен ажыратылады.»;
42-тармақта «тақырыптан» деген сөзден кейiн «, тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан» деген сөздермен толықтырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа