«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 926 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 926 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылгы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
тақырыбы, 1-тармақ және 2-бөлімнің тақырыбы «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
«14. Осы Ереженің 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды орындайтын ветеринария саласындагы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
1) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің және оның филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
Документ утратил силу
Демо – версия документа