«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 851 қаулысы (2016.29.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 851 қаулысы
(2016.29.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін езгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 31 тамыздағы
№ 851 қаулысымен
бкітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 каулысында:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацындағы «Смайылов Әлихан Асханұлы» деген сөздер «Дәленов Руслан Ерболатұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
және 3) тармақшалардың үшінші абзацындағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Айтжанова Жанар Сейдахметқызы;»;
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исекешев Әсет Өрентайұлы,».
2. ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа