Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 509 Бұйрығы (күші жойылды)

Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 509 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 581 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттауды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 64 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4558 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған (2007 жыл, наурыз, № 3, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Досқалиев

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 12 шілдедегі

№ 509 бұйрығымен бекітілген

 

 

Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку