(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.10 № 1670 ҚАУЛЫСЫ
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1670 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын
адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан қабылдау бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны көлік құралын сенімхат бойынша басқаратын адамды тіркеу болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа