(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2004.05.07. № 202 БҰЙРЫҒЫ
«Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін
сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 2-тармағының негізінде, Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Аумақтық әділет органдарының басшылары бекітілген Ереженің тиісінше қолданылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | О. Жұмабеков |
«Келісілді»
Республикалық нотариаттық
палатаның төрағасы
2004 жылғы»__»__________
»Жекеше практикамен айналысатын
нотариустардың жасайтын нотариаттық
іс-әрекеттердің заңдылығын және
іс жүргізу ережелерін сақтауын
бақылауды жүзеге асыру ережесін
бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2004 жылғы 5 шілдеде № 202
бұйрығымен бекітілген
Жекеше практикамен айналысатын нотариустардың жасайтын нотариаттық
іс-әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды
жүзеге асыру ережесі
1. Ереже «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес аумақтық жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариустар) жасайтын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен құзыретін іске асыру тетігін әзірлеу мақсатында жасалды.
2. Ереже нотариустардың жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін, оның мақсатын, міндеттерін, қағидаттары мен көлемін анықтайды.
Редакция документа
Демо – версия документа