(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006 ЖЫЛҒЫ 15 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 207-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Мәдениет туралы
(2010.19.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:
ҚР 2010 жылғы 27 мамырдағы № 280-ІV Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет және өнер туындылары;
2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;
Редакция документа
Демо – версия документа