Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2125 ҚАУЛЫСЫ

Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесі бекітілсін.

2. «Жергілікті атқарушы органдардың су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беруі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 119 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 66-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2125 қаулысымен

бекітілген

 

 

Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірлейді және конкурстық негізде су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін анықтайды.

2. Су объектілері немесе олардың бір бөлігі (бұдан әрі су объектілері) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беріледі.

3. Балық шаруашылығын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға оқшау және бірлесіп пайдалануға су объектілерін беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғаларға оларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін қорғау, молайту әрі пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку