Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.12 № 2295 ҚАУЛЫСЫ

Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі;

2) Профилактикалық егу жүргізу ережесі;

3) халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) егу жүргізу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес халықтың профилактикалық егу алуын;

2) медициналық ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 216-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 515-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 19-құжат).

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2295 қаулысымен

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку