Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 27 АҚПАНДАҒЫ № 238 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк
құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы
көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысы

(2006.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.

2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1-тармақтың 3) тармақшасында:

"бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;

"мен Iшкi iстер министрлігінiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.

3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысы;

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қарашадағы № 1251 қаулысы.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку