Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.04.02. № 102 ҚАУЛЫСЫ

Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру бойынша
конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктiлiк
талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
4 ақпандағы № 102 қаулысы

(2006.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берілiп отырған Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілiк талаптары бекітілсiн.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен

бекітілген

Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп

беру бойынша конкурс өткізу ережесi және конкурсқа

қатысушыларға қойылатын біліктiлiк талаптары

1. Жалпы ережелер

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 136 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурсты (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

2. Конкурс өткізудiң мақсаты жеке және заңды тұлғаларға оларға бекітілiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку