Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.01.2009 № 19 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 473-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2002 ж., № 28, 311-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 19 қаңтардағы

№ 19 қаулысымен

бекітілген

 

 

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру

 ережесі

 

1. Осы Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар (рұқсаттар телнұсқаларын) беру тәртібін анықтайды.

2. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімді үш данада ұсынады.

3. Радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку