Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.06.04 Ж. № 613 ҚАУЛЫСЫ

Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 613 қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 2 маусымдағы

№ 613 қаулысымен

бекітілген

 

 

Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру

ережесi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi - су шаруашылығы құрылыстары) кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін реттейдi.

2. Су шаруашылығы құрылыстары су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мерзiмдерiне қарай оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келісім бойынша бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн.

3. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ашық тендерлер өткізу жолымен жүзеге асырылады.

4. Оларды нысаналы мақсаты бойынша одан әрi пайдалану су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға берудiң мiндеттi шарты болып табылады.

Су шаруашылығы құрылыстарын мақсаттан тыс пайдалану жалға берушiнiң немесе сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының шешiмi бойынша жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.

Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде мынадай:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку