«Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлері және балық аулау әдістері тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 296 Бұйрығы (күші жойылды)
Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлері және балық аулау әдістері тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 296 Бұйрығы
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 240-Ө бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар тізбесі және балық аулау әдістері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Күрішбаев |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 296 бұйрығымен бекітілген
Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлерінің және балық аулау
әдістерінің тізбесі
| Балық аулау кәсіпшілік құралдар түрлері |
1. | Полиамидтік және илемді моножіп және моноталшықтан жасалған аулардан басқа аулардың барлық түрлері |
2. | Вентерлер |
3. | Сүйреткіштер |
4. | Жылым ау |
5. | Аулардың барлық түрлері (шиланды, тастама, түпті, бұрап лақтыратын, тіректі, қойылатын) |
6. | Тралдардың барлық түрлері (электрлық, егіздік, тіректі) |
7. | Сүзгіштер (аулық, лақтырғыш, көтерілетін, екі ауыздық) |
8. | Мереждер |
9. | Төбелер |
Балық аулау кәсіпшілік емес құралдар түрлері | |
10. | Қармақ |
11. | Қапты ілмек |
12. | Сапсыз қармақ |
13. | Ілмек |
14. | Су астында аңшылық ететін мылтық |
15. | Шаянаулағыштар |
16. | Спиннингтердің барлық түрлері |
Балық аулау әдістері |
Документ утратил силу
Демо – версия документа