(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1703 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1703 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1703 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 186-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы ережеде:
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «(секторалдық) және өңірлік» деген сөздер алынып тасталсын;
«бағдарламаларын» деген сөзден кейін «, аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы
| - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары
|
Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы
| - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі
|
Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы
| - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
|
Жәмішев Болат Бидахметұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
|
Редакция документа
Демо – версия документа