Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.10.03 № 274 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын
(Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 Қаулысы

(2009.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) (бұдан әрі - Жол картасы) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жол картасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

1) бір апта мерзімде мемлекеттік органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

5. Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында жылына екі рет, бірінші және үшінші тоқсандар өткен соң Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша қаралады деп белгіленсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку