(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 8 АҚПАНДАҒЫ № 387-II ЗАҢЫ
Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 8 ақпандағы № 387-II Заңы
(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін (4 - 10 баптар)
жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі
3-тарау. Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін (11 - 14 баптар)
мемлекеттік басқарудың арнайы органдары.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету
4-тарау. Төтенше жағдай кезінде қолданылатын (15 - 16 баптар)
шаралар мен уақытша шектеулер
5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды (17 - 23 баптар)
тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар
құқықтарының кепілдігі және олардың
жауапкершілігі
6-тарау. Қорытынды ережелер (24 - 25 баптар)
Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгізудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртібін белгілейдi.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті жердің коменданты - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, төтенше жағдай енгізілген жердегі комендатураның қызметіне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін күштер мен құралдарды бірыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;
2) жергілікті жердің комендатурасы - төтенше жағдай енгізілген жерлерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы орган;
Редакция документа
Демо – версия документа