«Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 152 Бұйрығы (күші жойылды)
Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 152 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шартының үлгі нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Күрішбаев |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 10 наурыздағы № 152
бұйрығымен бекітілген
Yлгі нысаны
Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент
пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу
шарты
___________ қ. | ____ жыл «___» _________ |
_________ бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ____________________________________________________________________
негізінде іс-әрекет ететін, __________________________ тұлғасында,
бір жағынан, және _____________________ бұдан әрі «Жеткізуші» деп
аталатын _______________ негізінде іс-әрекет ететін, ______________ тұлғасында, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізуге осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1.1. Жеткізуші Тапсырыс берушіге _____________________ жылғы өнімнен _______________ (дақыл атауы, сыныбы) келесі сапалық көрсеткіштермен жеткізуге міндеттенеді:
________________________________________________________________________________________________________________
Документ утратил силу
Демо – версия документа