(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.07 № 1070 ҚАУЛЫСЫ
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және
басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі;
2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 15 шілдедегі
№ 1070 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа