(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ...20...
Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 2 қазандағы № 141 Қаулысы
(2009.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Редакция документа
Демо – версия документа