(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.10.04 Ж. № 1050 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы
(2009.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік органдар (келісiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдері:
1) Iс-шаралар жоспарының тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының iске асыру барысы туралы талдамалы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1061 (бұр.ред.қара); 2007.28.03. № 234 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi |
|
|
|
|
|
| Д. К. Ахметов |
Үкіметінің
2004 жылғы 13 қазандағы
№ 1050 қаулысымен
Бекiтiлген
Редакция документа
Демо – версия документа