Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.11.2008 № 1116 ҚАУЛЫСЫ

Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Жергілікті атқарушы органдар құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлесін.

3. «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 654-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі  

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 29 қарашадағы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку