Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.29.11 № 1143 ҚАУЛЫСЫ

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1143 Қаулысы

 

 Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы

29 қарашадағы

№ 1143 қаулысымен

бекітілген

 

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына

(іске асырылуына)

жауаптылар

Орындалу

(іске асырылу)

мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҰБ өкілдерінің

ірі ұлттық компаниялардың еурооблигацияларын шетел нарықтарына орналастыру кезінде ел

экономикасы мен

қаржы секторындағы

ағымдағы үрдістерді түсіндіру мақсатында қатысуы

Қазақстан Республикасы

ПрезидентініңӘкімшілігіне

ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині,

ҰБ (келісім бойынша)

Қажеттілігіне қарай

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку