(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 03 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 280 Ж...
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің
мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3
желтоқсандағы № 280 Жарлығы
(2005.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
2. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы Агенттіктің аумақтық органдары қосымшаға сәйкес құрылсын.
ҚР Президентінің 2005.14.10 № 1660 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Агенттік Төрағасының екі орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін құрсын;
2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін.
6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы № 4141 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, № 40, 361-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа