Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бүрынғы әскери объект - Дарьял-У радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2099 Қаулысы (2010.10.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бүрынғы әскери объект - Дарьял-У радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2099 Қаулысы

(2010.10.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды

 

Бұрынғы әскери объект аумағының экологиялық жағдайын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект - «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

                               

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 2099 қаулысымен

бекітілген

 

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект — «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект — «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. Комиссияның негізгі міндеттері

 

3. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) министрліктердің, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың экологиялық жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) тиісті аумақта экологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті бейіндегі мамандарын тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы

 

 

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру.

 

5. Комиссияны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі - төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

6. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады.

7. Комиссияның жұмыс органы:

1) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;

2) аумақты зерделеу материалдарын жинау мен талдауды қамтамасыз етеді және бақылайды;

3) аумақты зерделеу материалдарына тиісті сараптамалар жүргізуді ұйымдастырады;

4) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

5) Комиссия шешімдерінің орындалуын бақылайды.

8. Қолдағы материалдар жеткіліксіз болған жағдайда, Комиссия тиісті мемлекеттік органға қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.

9. Аумақты зерделеу нәтижелері бойынша Комиссия отырысы өткізіледі.

10. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша міндетті түрде барлық мүшелер қол қоятын хаттама жасалады. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

11. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.

 

 

5. Комиссияның қызметін тоқтату

 

12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

 

ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 923 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 желтоксандағы

№ 2099 қаулысына

қосымша

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект -

Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

құрамы

 

Әшімов Нұрғали

Сәдуақасұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қоршаған  ортаны қорғау министрі, төраға  

Дерновой Анатолий

Григорьевич  

 

- Қазақстан Республикасы Қоршаған  ортаны қорғау министрлігінің хатшысы  төрағаның орынбасары  

Төрекелдиев Сүйіндік

Мырзакелдіұлы   

- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны  қорғау министрлігінің Экологиялық  реттеу және бақылау комитеті төрағасының  орынбасары, хатшы  

 

Кулинич Александр

Васильевич

 

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер  министрінің орынбасары  

Петров Валерий

Викторович

- Қазақстан Республикасының Төтенше  жағдайлар вице-министрі  

 

Рақымбеков

Төлеутай Сатайұлы

 

- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары,

 

Мұташев Сағынбек

Хайдарұлы  

 

- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны  қорғау министрлігі Экологиялық реттеу  және бақылау комитетінің төрағасы  

Ким

Александр Афанасьевич

- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары;

 

Нұхұлы

Алтынбек

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары;

 

Оспанқұлов Төлеген

Қапақұлы   

- Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті  төрағасының орынбасары  

 

Сәдуақасов Нұрқан

Олжабайұлы   

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті  төрағасының орынбасары  

 

Сәрсемалиев Ғілман

Әміржанұлы  

 

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігінің Балық шаруашылығы  комитеті төрағасының орынбасары  

Перзадаев Мұрат

Әбдіқадырұлы

- Қарағанды облысы мәслихатының депутаты  (келісім бойынша)  

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции