(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.09 № 865 ҚАУЛЫСЫ
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 9 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 865 қаулысымен
бекітілген
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық
даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған
КЕШЕНДІ ЖОСПАР
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орын- дауға (іске асыруға) жауапты | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржы- ландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Жұмыспен қамту және экономиканы әртараптандыру мәселелерін шешу | ||||||
1. Демографиялық жағдай |
Редакция документа
Демо – версия документа