«Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 739 Бұйрығы (күші жойылды)
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 739 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 78-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты оның мемлекеттік тіркелуінен кейін заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасының «Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережесі мен Дәріханалық ұйымдарда және фармацевтикалық кәсіпорындарда өрт қауіпті және жарылыс қауіпті қасиеттері бар дәрілік заттармен айналысу және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 10 мамырындағы № 238 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 777);
Документ утратил силу
Демо – версия документа