Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 794 Бұйрығы (2010.19.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 794 Бұйрығы

(2010.19.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (бұдан әрі - МСАК) және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 874 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3315 тіркелген, «Заң газеті» газетінің № 133-134 (758) санында 2005 жылғы 27 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Б. Садықов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2009 жылғы 26 қарашадағы

№ 794 бұйрығымен

бекітілген

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции