Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсеріне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 3 қарашадағы № 647 бұйрығы (2012.28.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсеріне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 3 қарашадағы № 647 бұйрығы
(2012.28.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 421 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсеріне мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (келісім бойынша), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың басшылары:

1) дәрілік заттардың жанама әсері туралы карта-хабарламаларды жинау және оны уәкілетті ұйымға тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарында, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсері туралы карта-хабарламаларды жинау және тапсыруға жауапты тұлғаларды тағайындасын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

1) дәрілік заттардың жанама әсері бойынша дәлелді және расталған халықаралық тәжірибе бойынша шешім қабылдау үшін дәрілік заттардың жағымсыз әсері туралы ақпаратты жинауды, жалпылауды ұйымдастырсын;

2) дәрілік заттардың жанама әсері туралы келіп түскен хабарламаларды жинау, талдау, өңдеу (жүйелеу) және ғылыми бағалауды жүргізу үшін уәкілетті ұйымды белгілесін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті белгілеген уәкілетті ұйымның басшысы:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции