(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.05 № 728 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 728 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
№ 728 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж, № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Сәдуақасова Елдана Мәкенқызы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Саванков Александр Михайлович | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы»; |
Редакция документа
Демо – версия документа