(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.12.2008 № 1248 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1248 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1248 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Парсегов Борис Анатольевич | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары |
Меңдібаев Бірлік Қайырбекұлы | - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрайымының орынбасары |
Тілеухан Нәркес Түлекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Мейірманова Азалия Амангелдіқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппараты ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Қуанғанова Гүлнәр Шаймұратқызы | - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Редакция документа
Демо – версия документа