(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.23.05. № 493 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 23 мамырдағы
№ 493 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерістер
1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат):
1-тармақта:
Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
2. "Қазақстан Республикасы ?кіметінің заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасы Yкіметінiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi енгiзiлсiн;
көрсетiлген құрамнан Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа