(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1997 Ж. 25 ҚАРАШАДАҒЫ № 1650 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын
пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол
қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық
схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға
және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысы
(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бөлiмнiң 92-бабын және "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12-бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналар бекітілсiн және қолданысқа енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (1-қосымша);
Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi (2-қосымша);
Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесi (3-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн басып шығару (қайта басып шығару) жөнiнде тапсырыс орналастыру құқығы берiлсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа