(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.6.06 № 543 ҚАУЛЫСЫ
Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану
құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне «Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:
«Медициналық көлік қызметі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
«Орталық жол ауруханасы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
«Оқу-клиникалық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын беруді қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт, Төтенше жағдайлар министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 6 маусымдағы
№ 543 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтыру мен өзгеріс
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа