Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысы (2025.17.01. берілген өзгерістермен)

Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 Қаулысы

(2025.17.01. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Саяси партияларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы саяси партияларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін Республикалық бюджет туралы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Тұрғанқұлов

 

Хатшы

Б. Мелдешов

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі

№ 166/314 қаулысымен

бекітілген

 

 

 

Саяси партияларды қаржыландыру

ережесі

 

1. Осы Ереже «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы негізінде әзірленді және саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Бюджет қаражаты жыл сайын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының соңғы сайлауы (бұдан әрі — сайлау) қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға бөлінеді.

3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі — Ортсайлауком) сайлау нәтижелерін анықтағаннан кейін бескүндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партиялар және олар алған сайлаушылар дауысы туралы мәліметтерді әкімшіге жібереді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2011.23.06. № 50/86 Қаулысымен (2010 жылғы бірінші қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.07.02. № 11/171 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2025.13.01. № 1/1 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции