(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 4 АҚПАНДАҒЫ № 135 ҚАУЛЫСЫ
"Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздігі үшiн өсiмдiктер мен
жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингін және
генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006
жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 135 қаулысы
(2006.23.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.2-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету".
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Редакция документа
Демо – версия документа