(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.12.02 Ж. № 1295 ҚАУЛЫСЫ
Карантиндiк объектiлер және ерекше қауiптi зиянды организмдер
тiзбелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы
(2008.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңын және "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесi;
2) Ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 тамыздағы № 697 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 32, 372-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1295 қаулысымен
бекітілген
Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен
жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесi
Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндiк маңызы бар,
өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер
ҚР Үкіметінің 2005.23.11. № 1157 (бұр.ред.қара); 2007.13.06. № 488 (бұр.ред.қара); 2008.13.05. № 449 (бұр.ред.қара) қаулыларымен А бөлімшесі өзгертілді
А. Өсiмдiктер зиянкестерi
Anoplophora glabripennis Motschulsky
Callosobruchus analis L.
Spodoptera litura Fabr.
Liriomyza trifolii (Burg)
Premnotrypes spp.
Unaspis citri Comst.
Pantomorus leucoloma Boh.
Tetradacus citri Chen.
Pseudococcus citriculus Green.
Unaspis yanonensis Kuw.
Numonia pyrivorella Mats.
Spodoptera littoralis Boisd.
Diabrotica virgifera virgifera le Conte
Frankliniella occidentalis Perg.
Редакция документа
Демо – версия документа