Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2005.30.07. № 272 ҚАУЛЫСЫ

Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шiлдедегі № 272 қаулысы

(2006.25.03. берілген толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 74 Қаулысымен кіріспе толықтырылды

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 4-тармағына, Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Акционерлік қоғамдар өздерінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін Агенттікке ұсынсын.

2. Акционерлік қоғам аффилиирленген тұлғалардың тізімін қағаз және электронды тасымалдаушысында (Excel-файл электронды кестелер) ілеспе хатпен тиісті есепті жылдың 31 қаңтардағы, 30 сәуірдегі, 31 шілдедегі және 31 қазандағы мерзімінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша ұсынады.

3. Агенттік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі ақпаратты оны Агенттіктің ресми web-сайтында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку