«Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 Бұйрығы (2010.29.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 Бұйрығы
(2010.29.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2012 жылғы 29 наурыздағы № 31-2/140 Бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы, 1-тармағының 17) тармақшасына, 14, 15-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | А. Евниев |
Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.
2009 жылғы 12 тамыздағы № 454
бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар
1 бөлім. Арал-Сырдария бассейні бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын
пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар
1 тарау. Шардара су қоймасы және Оңтүстік Қазақстан облысы шегінде Сырдария өзенінің жоғарғы ағысы
1. Осы тараудың Ережесі Шардара су қоймасы мен оның барлық салаларына және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы (бұдан әрі - ОҚО) шегінде Сырдария өзеніне арналған.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.29.03. № 208 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа