(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.4.10 № 916 ҚАУЛЫСЫ
2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 916 Қаулысы
(2009.27.04. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдасын;
2) жылына екі рет 20 маусымға және 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 4 қазандағы
№ 916 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.27.04 № 585 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр. ред. қара)
2009 - 2011 жылдарға арналған
«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшін жағдай жасау | ||||||
1. | Еуропалық елдермен өнеркәсіп салаларындағы технологиялық ынтымақтастық туралы келісімдер жасау | Тиісті келісімдерге қол қою | ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2009-2010 20 маусым, 20 желтоқсан | Қажет етпейді |
- |
Редакция документа
Демо – версия документа