(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА ТУРАЛЫ ҚР 07.05.97 Ж. № 9...
Мемлекеттік статистика туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 7 мамырдағы № 98-1 Заңы
(2007.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру (7 - 9-1 баптар)
3-тарау. Мемлекеттік органдардың статистика (10 - 14 баптар)
саласындағы құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (15-бап)
статистика саласындағы заңдарын бұзғаны
үшін жауаптылық
Осы Заң статистика қызметi саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, уәкiлеттi органның және статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік органдардың өкiлеттiгi мен мiндеттерiн айқындайды.
ҚР Президентінің 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 1-бап өзгертілді; ҚР 15.01.02 ж. № 280-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi жеке тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардың-резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар) қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық (бұдан әрi - әлеуметтiк-экономикалық) салаларында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың, өңдеудiң және таратудың негiзгi принциптерiн айқындайды.
ҚР 15.01.02 ж. № 280-II Заңымен 2-бап жаңа редакцияда ; ҚР 21.12.04 ж. № 14-III Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Редакция документа
Демо – версия документа