(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 1 ҚАЗАНДАҒЫ № 1013 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасындағы теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау
қызметкерлерiнiң нысанды киімiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысы
(2005.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 16 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Нысанды киім берiлетiн теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесi;
2) Теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киімiнiң, айырым белгілерінің сипаттамасы мен үлгiлерi;
3) Теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киім киіп жүру ережесi;
4) Теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiн нысанды киіммен қамтамасыз ету нормалары бекітілсiн.
2. Осы қаулыны iске асыру Ақтау теңiз сауда порты Теңiз және ішкі су әкiмшілігінiң мемлекеттік бақылау қызметкерлерiн 2011 жылдың аяғына дейiн нысанды киіммен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қоспағанда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте 001 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкілеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа