(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.07.02 № 115 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік
басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 17 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 115 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің
мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төраға |
Мейірманов Қажымұрат Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Елемесов Омархан Көптілеуұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитеті төрағасының міндетін атқарушы, хатшы |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Петров Валерии Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары |
Жылқайдаров Нұрлан Базаргелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Қолбасшысының орынбасары |
Редакция документа
Демо – версия документа