«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 930 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 930 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақта «қоса алғанда,» деген сөздерден кейін «әскери-техникалық саясатты іске асыруға және» деген сөздермен толықтырылсын, «мәселелер» деген сөз «қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының өзіндік, сондай-ақ сыртқы саяси, экономикалық және әскери мүдделерін негізге ала отырып, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының әскери-техникалық саясатын іске асыру, ҚӨК-ті дамыту және оны мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде: әскери-техникалық қамтамасыз ету, ҚӨК-ті, ғылым мен технологияны дамыту саласындағы тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жоспарларды қарау;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік органдар мен ҚӨК ұйымдарының қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде орындалатын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын, бағдарламалар мен жоспарларды қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдарының келісімді болуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
4) республикалық бюджет бағдарламалары бөлінісінде әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдерді қаржыландыру көлемдері мен олардың номенклатурасы бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы үлгілерін жасауға байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мен инновациялық жобаларға мемлекеттік тапсырыс берушілердің бюджеттік өтінімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
5) қорғанысты және бағдарламалардың жобаларын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының негізгі көрсеткіштерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
6) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы әзірлеуге, сатып алуға, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға жұмсалатын шығыстарды, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде орындалатын бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің алдында мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жобасы бойынша ұсыныстар тұжырымдау және оның орындалу қорытындыларын қарау;
8) қорғанысты, құқықтық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасау және шығару, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияның:
1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және Сенатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының аппараттарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасауға, өндіруге, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға, осы саладағы бағдарламалар мен жоспарларды орындауға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ Комиссияның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерін, ҚӨК ұйымдарының басшыларын тыңдауға;
3) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ҚӨК ұйымдарынан Комиссияға жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
4) қажет болған кезде Комиссияның құзыретіне жататын жекелеген мәселелерді қарау және олар бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 17 маусымдағы
№ 930 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 115 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің
мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
|
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
|
Ыбыраев Азамат Болатұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, хатшы
|
Ахметов Даниал Кенжетайұлы
| - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
|
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы
| - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
|
Божко Владимир Карпович
| - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
|
Исекешев Әсет Өрентайұлы
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі
|
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
|
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы
| - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
|
Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы
| - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
|
Жылқайдаров Нұрлан Базаргелдіұлы
| - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары (келісім бойынша)
|
Оразқұлов Қанат Орынтайұлы
| - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
|
Келімбетов Қайрат Нематұлы
| - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Ноғаев Аюхан Төлеутайұлы
| - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
|
Документ утратил силу