(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.25.01 № 1513 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында
ғарыш қызметiн дамыту туралы
(2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетiн ғарыш қызметiнiң басым бағыттарына шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздігі мiндеттерiн шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын жоюға қойсын;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Қазғарыш" ҰК" АҚ) құрсын;
Редакция документа
Демо – версия документа