(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.29.07. № 789 ҚАУЛЫСЫ
«Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын
пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және
(немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып
алуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 Қаулысы
(2008.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.02.03. № 144 (бұр. ред. қара); 2006.07.09. № 848 (бұр.ред.қара); 2007.12.10. № 930 (бұр.ред.қара); 2008.24.04. № 385 (бұр.ред.қара); 2008.20.12. № 1190 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 29 шілдедегі
№ 789 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер
қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр
бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерiн
(акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы
мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары |
Редакция документа
Демо – версия документа