Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 12 ҚАРАШАДАҒЫ № 1048 ҚАУЛЫСЫ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қордың меншігінде тұрған акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен:

қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативтерін;

әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын;

қызметтік іссапарларға жіберілетін тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметкерлеріне шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттарын;

қызметкерлерге ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезінде тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаражаты есебінен өтелетін шығыстардың лимиттерін;

тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын Қормен келісу міндеттілігін;

өкілдік шығыстардың лимиттерін белгілеу ұсынылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                    

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 12 қарашадағы

№ 1048 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку