Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1993 Ж. 8 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № № 2572-XII ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы
1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Қазақстан Республикасының Заңы

(2009.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 29 cәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1 бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық

құрылысының жүйесi

Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл (село), поселке, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.

 

2004 ж. 11 мамырдағы № 552-II ҚР Заңымен  ; 2006.04.11  №  184-III ҚР Заңымен  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)  (бұр. ред. қара)  2-бап өзгертілді  

2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң категориялары

Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.

Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.

Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады.

Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.

Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi.

Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ  олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы  поселкелер; селоларға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку