Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

« Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы » Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтыру еңгізу туралы» 2006 жылғы 4 қарашадағы № 184-III Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы »
Қазақстан Республикасының Заңына  өзгеріс пен толықтыру еңгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507- құжат; 1995 ж., № 23 , 146- құжат; Қазақстан Республикасы   Парламентінің Жаршысы , 2004 ж., № 10, 56- құжат; № 23,142- құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) 2- баптын алтыншы бөлігі  «, сондай-ақ» деген сөзден кейін «олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы » деген сөздерімен толықтырылсын;

2) 3- баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ауыл (село) - саны кемінде 50 адам болатын , халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал  ара шаруашылығында, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығында жұмыс істейтін  қызметкерлер , олардын отбасы мүшелері және денсаулық сақтау , әлеуметтік қамсыздандыру , білім беру , мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;».

2- бап. Осы  Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы қарашаның 4-і.

№ 184-III ҚРЗ

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку