(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 4 СӘУІРДЕГІ № 262 ҚАУЛЫСЫ
Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережесін
және Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі
қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден
қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 262 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 20 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережесі;
2) Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік кітапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 884 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 285-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы № 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы № 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 820 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 335-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 262 қаулысымен
Бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа